4 сынып оқушылары арасында «Жануарлар жайлы 50 сұрақ» атты танымдық ойыны өтті...

4 сынып оқушылары арасында «Жануарлар жайлы 50 сұрақ» атты  танымдық ойыны өтті...

 

  20 қараша күні М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында 4 сынып оқушылары арасында «Жануарлар жайлы 50 сұрақ» атты танымдық ойын өтті.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың жануарларды қорғау жайлы ой-пікірлерін қалыптастыру, қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында екі сынып «Зерек» және «Зейін» атты топқа бөлініп ойнады,  ойын 4 бөлімнен тұрды. 1 бөлім  - «Таныстыру», 2 бөлім -  «Ойлы болсаң озып көр», 3 бөлім -  «Мықты болсаң тауып көр», 4 бөлім - «Жүйрік болсаң шауып көр» деген бөлімдерде екі сынып өздерінің білімдерін жақсы көрсете алды. Ойын барысында жануарлар туралы жұмбақтар шешіп, шығаратын дыбыстары, суреттері, сипаттамалары бойынша жануарды анықтап, тартысты ойын көрсетті. Ойын нәтижесінді  I-орынға  4 «Ә» сынып оқушылары иеленді.

Дата: 21.11.2018, 9:51 Автор: Мектеп-интернат №2