Бүкіләлемдік жүрек күніне арнайы «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» атты дөңгелек үстел өткізілді...

Бүкіләлемдік жүрек күніне арнайы «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» атты дөңгелек үстел өткізілді...

 

  Адам ағзасындағы барлық мүшелер сөзсіз маңызды. Дегенмен, олардың екеуі, тұтастай өмірді «басқарады» деп айта аламыз. Бұл жерде ми мен жүрек туралы айтылған. Олар біздің бар болуымыз мүмкіндігіне жауапты. Мереке «табиғи қозғалтқышқа» жүрек бұлшықетіне арналған. Күздің бірінші айының соңында, 29 қыркүйек күні бүкіл планета Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтеді.

Осыған байланысты 3 қазанда біздің мектепте психолог Асылханова А. және медицина қызметкері Жалбаева С. 8-9 сынып оқушыларымен «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Салауатты өмір салты ұстанымдарын қадағалау, денсаулыққа зиянды өнімдерді, ішімдік пен темекіні пайдаланудан бас тарту, аурудың алдын-алу жолдарына кеңінен мүмкіндік беру.

Оқушылар «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» деген тақырыпты қалай түсінетінін айтып өтті. Мектеп медбикесі оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты қадірлеуге, адамның  дене мүшелерінің қызметін, жүрек ауруларының қайдан, қалай пайда болатынын түсіндіріп өтті. Салауатты өмір салты, нашақорлықтың зияны тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.

Дата: 3.10.2018, 17:55 Автор: Мектеп-интернат №2