Халықаралық Қарттар күніне орай "Қарттарым, аман-сау жүрші" акциясы өтті...

Халықаралық Қарттар күніне орай

 

  2018 жылдың 1 қазан күні №2 санаторлық мектеп-интернатында Халықаралық Қарттар күніне орай "Қарттарым, аман-сау жүрші" акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: оқушының бойына мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін сіңіре отырып, өмірін еңбекке арнаған, қиындықтарға мойымаған біздің асыл қарттарымыздың жүрегіне жылылық сыйлау, мейірім шуағын төгу. 7-9 сынып оқушылары осындай қарттарымыздың үйіне барып, хал-жағдайын сұрасып, мерекемен құттықтап қайтты. Оқушыларға оқуда табыс, қазақ елінің мақтанышына айналып, мектеп абыройын түсірмей, өз елінің патриоты болуын тіледі.

Дата: 2.10.2018, 15:30 Автор: Мектеп-интернат №2