6-7 сынып оқушыларымен «Имандылық – күллі тәрбиенің атасы» тақырыбында кездесу өтті...

6-7 сынып оқушыларымен «Имандылық – күллі тәрбиенің атасы» тақырыбында кездесу өтті...

 

   24 қыркүйек күні  6-7 сынып оқушыларымен «Имандылық – күллі тәрбиенің атасы» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты: Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын   дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке,  еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу.

Оқушыларға имандылық жайында әңгіме жүргізілді. Абайдың имандылық жайындағы нақыл сөзі талқыланып, оқушылар өз ойымен бөлісті. Ер жігіттің бес парызы туралы өлең оқылды. Оқушыларымыз діни бағытта қандай ұғымдарды білетінін айтып өтті.

Дата: 24.09.2018, 19:06 Автор: Мектеп-интернат №2