"Мектепке жол-2018" қайырымдылық акциясы "Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!" ұранымен өткізілуде...

 

  Жылдағы игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқығын қорғау комитетi әдетте жаңа оқу жылының басталуына бiр ай қалғанда «Мектепке жол» жалпы республикалық қайы­рым­дылық акциясын өткiзедi.

Биылғы акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін  «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi. Екі ай бойы жүргізілетін ауқымды шараның мақсаты – оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтау, азқамтылған және көпбалалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға, ата‑аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу.

 

 

«М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 мектеп-интернаты» КММ «Мектепке жол - 2018» акциясын 1 тамыздан  бастады. Демеушілерге қатынас-хат жіберілді. Акция бойынша жоспар құрылып, ата-аналарға хабарландыру шаралары жүргізілді. Республикалық «Мектепке жол -2018» акциясына байланысты ақпараттық стенд әзірленді.

 

Дата: 3.08.2018, 11:36 Автор: Мектеп-интернат №2