15 мамыр 2018 жылы өткізілген жалпы ұлттық ата-аналар жиналысынан ақпарат

15 мамыр 2018 жылы өткізілген жалпы ұлттық ата-аналар жиналысынан ақпарат

 

 «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 11 мамырындағы № 5-7 хатына сәйкес, М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында 2018 жылдың 15 мамырында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.

Күн тәртібінде:

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі – Нөкербекова Қ.И.;

2. 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы – Жамшыбаева П.С.;

3. Мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі - Ақшабаева А.С.

4. Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту – Кусаинова М. Р., 

5. Оқу процесін цифрландыру – Рахимберлина Н. С.;

6. Сұрақ-жауап

Жиналысты мектеп директоры З. Н. Рахимберлина  ашып берді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың жалпы ұлттық жиналысы күнін жариялағанын айтты.  Аталған іс-шараның мақсаты мен күн тәртібімен таныстырып өтті.  Әрбір баяндаушы қол жетімді және қысқаша түрде өз сұрағының басты мәнін ашуға тырысты. Әр баяндаушының сөйлеген сөздері слайдтар мен бейнелермен сұйемелденіп тұрды. Ата-аналар жиналысының жұмысына барлығы 87 ата-ана қатысты. Ата-аналардың сұрақтарына мектеп директорының орынбасарлары жауап берді. Ата-аналар жиналыстан алған ойларын қағаз бетіне түсірді.

Дата: 15.05.2018, 22:31 Автор: Мектеп-интернат №2