Мектебімізде Дүниежүзілік отбасы күніне орай сынып сағаттары өткізілді ...

Мектебімізде Дүниежүзілік отбасы күніне орай сынып сағаттары өткізілді ...

 

  15 мамыр күні барлық сыныптардың жетекшілері Дүниежүзілік отбасы күні аясында «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Отбасы – бұл сөзді жиі естиміз немесе айтып отырамыз, бірақ біз бұл сөздің мағынасы туралы жиі ойланамыз ба? Сынып сағаттарында отбасы сөзінің мән мағынасы туралы әңгіме жүргізілді.

Балаларға отбасы түсінігіне қандай ой салатыны туралы талдау жасау ұсынылды, өйткені олар өздері де болашақта ана мен әке болып аталатын кезге жетеді. Негізгі айтылған ойлар: отбасы – ол туыстар ғана емес, олар сезімі мен мүдделерін, идеалдарын, өмірге деген көзқарасын біріктіретін жақын адамдар. Отбасы дегеніміз – адамның өміріндегі басты құндылықтардың бірі. Отбасы - біздің байлығымыз.

 

Дата: 15.05.2018, 22:00 Автор: Мектеп-интернат №2