«Мұражай экспонаттары нені баяндайды?» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті...

«Мұражай экспонаттары нені баяндайды?» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті...

 

   13. 02. 2018 жылы М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының 5 «А» сыныбында «Мұражай экспонаттары нені баяндайды?» тақырыбында сынып саяхаты өтті.

Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты өлкетану шежіресімен таныстыра отырып, туған жерге деген отаншылдық сүйіспеншілігін қалыптастыру; Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, Мектебіміздегі М. П. Русаков атындағы мұражайға саяхат жасау. Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. Кез-келген мектеп мұражай экспозициясы және онда қойылған мектеп мұражай экспонаттары жоғары ізгілік пен адамгершілігі бар, жан-жақты мәдениетті тұлғаның қалыптасуына ерекше әсер етері сөзсіз. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың білім мен ғылымға деген ынта жігерінің құлшынысын, қызығушылығын, қабілетін дамытуда мұражайлар қашан да маңызды жұмыстар атқарады.

Мұражай экспозициясын көрген  оқушылар одан көргендерін көңілдеріне түйіп, ой елегінен өткізгендей етіп қабылдаса, айналасындағылардың іс-әрекетін түсінуіне, ойлауына, сезінуіне ықпал етеді. Мәлімет жинап, өз ойларын баяндай отырып, оқушы бойынан елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі байқалды. 

Дата: 13.02.2018, 19:22 Автор: Мектеп-интернат №2