№24 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубының  жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

    «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізе ала отырып, мектебімізде 5- 10 сынып оқушылары  арасында «Адал ұрпақ»ерікті мектеп  клубы 20 оқушыдан құрылып , іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубы жұмыс жүргізуде   Қазан айында 8-10 сыныптар арасында  мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылардың қатысуымен  «Вы сталкивались с коррупцией? Как её победить?» тақырыбында сынып сағаттары  өтті..      Бастауыш сынып оқушылар арасында    «Өз құқықтарымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндіру  сабақтары өтті.    

          «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен  мектепішілік «Парасатты азамат  » бұрышы жасалынды . Басты мақсаты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметтеу, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу болды. Оқушылардан құрылған шығармашылық топ «Парасатты азамат  »  бұрышына құнды ақпараттар жинап, жарыққа шығарды.

Дата: 28.10.2016, 10:58 Автор: №24 мектеп-интернаты