№24 орта мектебінде ұйымдастырылған «Адалдық дүкені» туралы ақпарат

№24 орта мектебінде ұйымдастырылған «Адалдық дүкені» туралы  ақпарат

№24 орта мектебінде  сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы.  Мұнда сатылымда оқу - құралдар, пісірілген өнімдер қойылады. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың өздеріне сенім арта отырып, тапсырылды. 27 сәуірден бастап ашылған дүкенде бүгінгі күнге дейін 3580 тг қаражат түсті.Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.

Дата: 2.05.2019, 14:29 Автор: №24 мектеп-интернаты