№24 орта мектебінде ерте жүктіліктің алдын – алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

№24 орта мектебінде ерте жүктіліктің алдын – алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

        №24 орта мектебінде жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бірқатар іс – шаралар жүргізілді. Ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты, отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгіме қозғау мақсатында «Кәусар» аналар клубының отырысы өтіп, әр түрлі тақырыпта  баяндамалар оқылды. 

Халықтық тәлім - тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу,  қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу және ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу мақсатында «Қызым үйде, қылығы түзде» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

         Сонымен қатар 7-11 сыныптарына сынып жетекшісінің мектеп медбикесімен бірлескен «Ерте жүктіліктің және оның қыз бала денсаулығына зияны тақырыбында» әңгімелесу сағаттары жүргізілді. «Кеш емес» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, соңында оқушылар арасында пікір – таласжүргілді.

Дата: 11.02.2019, 11:14 Автор: №24 ОМ