28 қараша күні «1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні» атты салтанатты 1 – 11 сыныптар аралығында жиын өткізілді.

28 қараша күні «1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні» атты салтанатты 1 – 11 сыныптар аралығында жиын өткізілді.

 Салтанатты жиынды өткізу мақсатты оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Салтанатты жиын мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Жүргізушілер салтанатты жиынды аша отырып, алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры М.С.Асылбекова берді. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні туралы, жалпы Н.Ә.Назарбаев жайлы жан – жақты мәліметтер беріп кетті. Одан кейін салтанатты жиынды мектебіміздегі кішкентай әнші қыз Ербол Інжу «Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнімен жалғастырды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелерінен құралған «Самұрық» үгіт – насихат тобы дайындаған Елбасы туралы ақпараттарын ортаға салды. Салтанатты жиын 1 сынып оқушы Дауылбай Наргиздің «Мереке» әнімен өз мәресіне жетті.

Дата: 16.12.2018, 12:52 Автор: №24 мектеп-интернаты