№24 орта мектебінде қазан айының 25-26 күндері 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2018» мерекесі өтті.

№24 орта мектебінде қазан айының 25-26 күндері 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2018» мерекесі өтті.

 Барлық оқушылар мерекеге белсене қатысып, өздерінің өте жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді. Мерекелік іс-шара сыныптар өз топтарын таныстырумен басталып, залда мерекелік көңіл күй орнады. Сайысқа келген сыныптар топтарын таныстыру, шығармашылық өнер, сән үлгісін көрсету және табиғи материалдардан көрме ұйымдастыру бөлімдері бойынша өнерлерін ортаға салды. Балалардың өз қолдарымен жасаған әдемі, көздің жауын алатын көрмелері, барлық шығармашылық өнерлері бағаланып, жақсы өнер көрсеткен сыныптар марапаттарға ие болды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бастауыш сыныптарының арасынан 1«А» сыныбы бас жүлде, 2 «Б», 4«Ә» сыныптары 1 орын иеленді. Ал 5-11 сыныптар арасында 7«А», «Ә» сыныптары бас жүлдені иеленсе , 5«Б», 6«А» сыныптары 1 орынға ие болды.

Дата: 16.11.2018, 14:14 Автор: №24 мектеп-интернаты