№24 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІне орай салтанатты жиын өтті.

№24 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІне орай салтанатты жиын өтті.

Мақсаты: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласы және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» өскелең ұрпақты патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу. 
Білім күнінің дамытушылық және оқытушылық мақсаты-балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті ықпал ету.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, Елбасының саясатын насихаттау мақсатын жүзеге асыруда жаңа оқу жылының салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды.
Салтанатты мерекемен құттықтау ұшін мәртебелі қонақтар да келді. Қала әкімі Аглиулин А.М және қалалық білім бөлімінің басшысы Агдарбекова Г.Ж келді.Келген қонақтарға құттықтау сөзді директордың м.а. Асылбекова М.С ұсынып, қала әкімі Александр Минвалиевич мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді Білім күнімен құттықтап, білім саласына өз үлесін қосатын білімді ұрпақ болуларына ықылас білдірді.Бүгінгі жас буын үшін ең негізгі мәселе – білім сапасын арттыру, тәрбие тәлімін жетілдіру. Білім жастарды кемел келешекке жетелер болса, ұлттық тәрбие ұрпақ ертеңі болмақ дегендей " Рухани жаңғыру " бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің түлектері қазіргі кезде мектебіміздің жас мамандары Кристина Р, Арайлым М, Спабекова К.Е сөз алып , биылғы 2018-2019 оқу жылында мектебімізге оралған түлегіміз Татиева Камила Сакенова өз ыстық ықыласын білдірді. 1-11 сынып арасында «Мен өз елімнің патриотымын», тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты. «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады. 

Дата: 3.09.2018, 9:34 Автор: №24 мектеп-интернаты