24 орта мектебінде "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

24 орта мектебінде

24 орта мектебінде "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 132 ата -ана қатысты.Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауды ата-аналарға түсіндіру мақсатында өткен жиналыста 2017- 2018 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктеріне тоқталып және 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы , мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі , "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудағы шаралар туралы толық ақпаратпен қатар бейнероликтер көрсетілді. Мектеп директоры К.ЖАхметова бала өміріндегі отбасының тәрбиесінің алар орны бар екендігін басып айтып, отбасы құндылықтарын насихаттауда бала тәрбиесіне баса назар аударуды алға тартты. Жиналыс соңында мектеп директоры ата -аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мереке қарсаңында ыстық ықыласын білдірді.

Дата: 16.05.2018, 10:40 Автор: №24 мектеп-интернаты