Биология, химия, жаратылыстану пәндері бойынша қалалық ашық сабақтар

Биология, химия, жаратылыстану пәндері бойынша қалалық  ашық сабақтар

    Жаратылыстану математика бағытында  мектебімізде  биология, химия, жаратылыстану пәндері бойынша қалалық  ашық сабақтар жоспарланып өткізілді. Ашық сабақтарды химия пәнінен 7 сыныпта Дуамбекова Б.Қ, биология пәнінен 8 сыныпта Балкеева Н.С., жаратылыстану пәнінен 6 сыныпта Сьезбек Ж өткізді. Өткізілген әрбір сабақта  мұғалімдердің қолданылған белсенді стратегиялары  оқушылардың шығармашылық дамуына, логикалық ойлауына, функционалдық  сауаттылығына негізделіп құрылғандығы байқалды. Химия пәнінде оқушылар « «Bilimland.kz» сайтынан периодтық кестеде жетіспейтін элементтерді толықтыру, элементтерді және қасиеттерді жіктеу жұмыстарын орындаса, Биология пәнінен  «Сүйектердің байланысу түрлері» тақырыбында «https.// www.youtube.com /watch ?v-NnkRleCLM   сілтемесінен бейнефильм көру арқылы сүйектердің байланысу типтерін анықтап, орналасқан жерін тауып, ерекшелігін сипаттады. Ал жаратылыстану пәнінен «Энергия түрлері»тақырыбында  lerningapps.org  сайтындағы  сілтемесімен  топтағы оқушылар қозғалыстағы дене энергия түрін сипаттап, энергия көзін алудың тиімді жолдарын  көру арқылы  сандық білім беру ресурстарының мүмкіндігін  еркін әрі сауатты орындай алды.

Дата: 12.02.2019, 16:23 Автор: №16 ОМ