«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің өту барысы туралы ақпар

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің өту барысы туралы ақпар

04.02.2019 жылы апталық «Өзін-өзі тану-өмірді тану» атты салтанатты онкүндік саптық жиынмен ашылып, жиында онкүндіктің  жұмыс жоспары таныстырылып, «Өзін-өзі тану – өмірді тану» ұранымен 5Д сынып оқушылары өздерінің жүрек лебіздерін білдірді.

Мектеп кітапханашысы Шаймерден А.М. «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін өткізді. Оқушыларға  білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет енгізген «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы тың деректер, мағлұматтар берді.

Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік –рухани білім берудің дамуына үлес қосқан, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы-өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын ұстану  мақсатында 4 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты  мәнерлеп оқу сайысы өтті.

 Оқушылар аталған іс- шараға аса белсенділікпен қатысты.

         6 сынып оқушылар арасында «Жақсылық әлемді шарлайды» атты флеш моб ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Адамның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, салауатты өмір салтын ұстануға, мәдениетінің арытуына ықпал етеді.

Дата: 12.02.2019, 10:40 Автор: №16 ОМ