«Жыл мұғалімі-2018» байқауы өтті

«Жыл мұғалімі-2018» байқауы өтті

2018 жылдың 10 қазан күні мектебімізде мектепішілік "Жыл мұғалімі-2018" байқауы өтті.

Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа биыл 4 пән мұғалімі қатысуға ниет білдіріп, олар 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.

Сайыс барысында үміткерлерге шығармашылықпен жұмыс істейтін, жан-жақты дамыған ерекше тұлғаны анықтау және озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттауға бағытталған тапсырмалар берілді. Әр кезеңде мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті.

Алғашқы кезеңде мұғалімдер өздерін таныстырып, өзінің педагог ретінде жеке тұлғасын түрлі форматта ашып, өзіндік кәсіби беделін, оқыту тұжырымдамасын көрсете білді. Екінші кезең «Ашық микрофон» деп аталып, онда мұғалімдер өздерінің ізденіс жобаларын қорғады.

Қатысушыларға берілген келесі тапсырма проблемалық педагогикалық жағдаятттарды шешу болды. Бұл кезеңде де сайысқа қатысушы ұстаздар өздерінің педагогикалық сауаттылығын көрсете білгенін әділқазылар ерекше атап өтті.

Соңғы «Менің бір күнгі демалысым» тақырыбында берілген тапсырманы мұғалімдер әр түрлі слайд, бейнефильмдер арқылы көрсетті. Байқау қорытындысына сәйкес 3-ші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қалиасқарова Зарина мен бастауыш сынып мұғалімі Қапасова Ардақ бөлісті, 2-ші орынды тарих пәнінің мұғалімі Аринов Ернат, 1-ші орынды – химия пәнінің мұғалімі Дуанбекова Бақыт иеленді.

Құттықтаймыз!!!

 

 

 

Дата: 11.10.2018, 11:25 Автор: №16 ОМ