Жоғары сынып оқушылары Елбасы Жолдауын талдауға қатысты

Жоғары сынып оқушылары Елбасы Жолдауын талдауға қатысты

9 қазанда 10-11-сынып оқушылары Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауын талқылауға қатысып, осы маңызды құжаттағы айтылған мәселелер жайында пікірлерін ортаға салды.

Тарих пәнінің мұғалімі Е.А.Аринов Жолдаудың басты бағыттарымен таныстырып өткен соң, өзіндік көзқарасымен бөлісті. Ол Жолдаудың халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін тұрақты түрде арттырып отыруға бағытталғанына назар аудартты.

Оқушылар елдің қысқамерзімді және стратегиялық даму бағытын айқындап отыратын Елбасы Жолдауы туралы ой-пікірлерін айта келе, келесі жылдың «Жастар жылы» деп аталатыны және жастардың дамуы мен өркендеуі үшін жасалып жатқан игі істердің көңіл қуантып, келешекке деген сенімділіктерін арттыратынын жарыса айтып жатты.

 

 

Дата: 10.10.2018, 11:07 Автор: №16 ОМ