«Тіл - халық мұрасы» танымдық ойыны өткізілді

«Тіл - халық мұрасы» танымдық ойыны өткізілді

Қазақстан халқының тілдері күніне орай  13 қыркүйекте 5 сынып оқушыларының арасында «Тіл - халық мұрасы» танымдық ойыны өткізілді.
Оқушылардың  өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін оятуды, сонымен бірге тілдің үштұғырлығын насихаттауды мақсат еткен бұл шараға «Сұңқар» және «Тұлпар»  топтары қатысты.
Бірнеше кезеңді қамтыған сайыста мақал-мәтелдер, ауыз әдебиеті, ақын-жазушылар туралы сұрақтар мен тапсырмалар болды. Қатысқан топ мүшелері әр кезең тапсырмаларын орындауға белсене қатысты.   Сайыс қорытындысын әділқазылар бағалап, жеңімпаздарды  анықтады.

 

 

 

 

Дата: 13.09.2018, 16:56 Автор: №16 ОМ