«Lesson study – сабақты зерттеу» жобасы

«Lesson study – сабақты зерттеу» жобасы

Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Сыныптағы туындаған мәселелердің шешіміне жетуге қандай да бір тәсілге жүгінетін болсақ, алдымен ұжымдық талқылауға салынған тәсіл нәтижесін береді. Заманның талабына сәйкес туындаған,  заманауи әдістердің бірі – «Lesson study – сабақты зерттеу» әдісі. Биылғы жылдан бастап облыс көлеміндегі мектептерде осы жоба аясында жұмыс жасау басталды. Осы мақсатта Қарағанды қаласында Нұрмақов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен семинар болып, әр аймақтан келген  мұғалімдерге жұмыс барысымен таныстырған болатын. Бұдан соң №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі «Lesson study – сабақты зерттеу» жобасы бойынша қалалық мектептер арасында жобалау мектебінің құрамына енді. Осыған орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.М.Жұмажанованың жетекшілігімен «Lesson study – сабақты зерттеу» жобасының алғашқы отырысы болып өтті. Отырыста жобаға қатысатын мұғалімдер құрамын бекіту және жұмыстың негізгі мақсаты мен міндетін түсіндіру жұмыстары талқыланды. Мұғалімдер жобаның жұмысы бойынша пікір алмасып, керекті сұрақтарына жауап алды.

 

 

 

Дата: 15.06.2018, 16:17 Автор: №16 ОМ