«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау мақсатында арнайы жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар  ұйымдастырылды. Іс-шаралардың барысында  саптық жиын 1-мамыр – елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы мен бірлігіне арналып, 9-сынып оқушылары ынтымақ, достық, бірлік жайлы  жырлады. Ал 5-6 сынып арасында «Достығымыз жарасқан» атты ұлттық би фестивалін тамашаладық. Әр сыныптарда «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты сынып сағаттары өтті.

 

 

Дата: 10.05.2018, 16:52 Автор: №16 ОМ