Сенбілік туралы ақпар

Сенбілік туралы ақпар

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде өткізілген сенбілік туралы ақпар 2017-2018 оқу жылы

 

21.04.2018 жылы мектепте Облыстық сенбілік өтті. Сенбілікке 7,8,10 сыныптардан 250 оқушы, 48 мұғалім қатысты. Сенбілік барысында оқушылар мектеп пен «Технодом» сауда үйінің айналасын күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, абаттандыру жұмысы жалғастырылып, оқушылар мектеп ауласын абаттандыру мақсатында алдымен ағаштардың түбін қопсытып, арық қазып, ағаштар отырғызып,суарды.

Дәл осы күні Астана аллеясы ашылып, сенбілікте Астананың 20 жылдық мерейтой құрметіне орай Астанамен жасты ағылшын пәнінің мұғалімі, жас маман Орынбаев Абылай Разахберлиевич оқушылармен бірге 20 түп ағаш отырғызды.

Дата: 28.04.2018, 12:02 Автор: №16 ОМ