Жас Қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Жас Қыран

04.05.2019 жылы мектеп-лицейіміздің 3 сынып оқушыларын "Жас Қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. "Жас Қыран" ұйымына 43 оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданушы оқушылар "Өз Отаны Қазақстанның патриоты болуға, "Жас Ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары және "Жас Ұлан"ұйымының мүшелері жас қабылданушыларға галстук пен төс белгілерін тақты. Салтанатты жиын "Жас Ұлан" ұйымының әнұранымен аяқталды.