«Достығымыз жарасқан»

«Достығымыз жарасқан»
2019 жылдың 26-жұлдызында мектеп-лицейіміздің 5-10-сыныптар арасында «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы күніне орай би фестивалі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, оқушыларды ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу, ұжымда жұмыс жасауға жұмылдыру. Осы мақсатқа орай әр параллель сынып бірігіп, әр ұлттың өнерін насихаттады. Оқушылардың өнерлерін бағалай келе, мектеп-лицейіміздің би үйірмелерінің мүшелері 5-сынып оқушыларын «Үздік ұжым» номинациясымен, 6-сынып оқушылар «Үздік костюм» номинациясымен, 8-сынып оқушылары «Үздік қойылым» аталымымен марапаттады. Ал фестиваліміздің барлық талаптарына сай өнер көрсетіп, бірлік пен ынтымақтастықты көрсете білген 7-сынып оқушылары «Үздік би» аталымы мен кубокқа ие болды. Оқушыларымыз өздерінің достық жарастығын көрсете білді.