«Оқырман бенефисі»

 «Оқырман бенефисі»

Балқаш қаласының тарихи-өлкетану музейінде дүниежүзілік кітап мерекесіне арналған «Оқырман бенефисі» өтті. Музейдің ғылыми қызметкері Агылбаева Меруерт кітап жайлы қызықты деректер айтса, аға ғылыми қызметкер Қожақов Даулет адам өміріндегі кітаптың маңызына тоқталды. 
Мектеп-лицейімізден барған кітапхана кеңесінің мүшелері мен оқушылар «Кітап-асыл қазына» жайлы ойларымен бөлісіп, экрандағы мақал-мәтелдердің жалғасын тез тауып, қойылған викториналық сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді.