«Түркі әлемінің бесігі»

«Түркі әлемінің бесігі»

20.04.2019 жылы «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге алған облыстық тарихшылар форумы өтті. Іс шараға аймақтың белгілі тарихшылары және мектеп мұғалімдері қатысып өз ойларын ортаға салды.Облыстық тарихшылар форумына біздің мектеп-лицей де белсенді қатысты. Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Түркі әлемінің бесігі» атты бесінші қырымен байланысты «Түркі әлемінің генезисі: қазақ халқының этногенезінің негізінде түркілер ме, әлде үнді-ирандықтар жатыр ма?» тақырыбында американдық парламенттік форматында (АПФ) ғылыми бағыттағы пікірсайыс өткізілді.

Пікірсайысқа қала мектептері арасындағы ең үздік спикерлер қатысты:

˗ Маратов Ілияс (Абай атындағы №2 лицей);

˗ Ерғали Асем («Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ);

˗ Муханов Мақсат (№25 жалпы білім беретін мектеп);

˗ Женисова Аружан (№16 орта мектеп)қатысты.

Пікірсайыс барысында әлем және адамзат тарихы, археология, лингвистика, антропология аясынан мол ақпарат қолданылып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артты. Қызу пікірталас нәтижесінде, даттаушы тарапы жағынан сөз таластырған пікірсайысшылар құрамасы айқын дәлелдер мен дәйектер келтіріп, басымдыққа түсті.