"Жас тілшілер" форумы

2019 жылдың 17 сәуір күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ХIХ "Жас тілшілер" форумының жоспары бойынша 17 сәуір күні форумның ашылу салтанаты өтті. Журналистика факультетінің кафедра жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Султанбаева Гульмира құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларды марапаттады. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты,журналистика факультетінің оқытушысы Әбдіжеділқызы Жидегүл , "Аннұр" баспасының бас редакторы, "Алтын қалам" сыйлығының иегері Ермахан Шайхы болашақ жас тілшілерге шығармашылық табыс тіледі. Форум нәтижесінде мектеп-лицей оқушылары жүлделі орындармен марапатталды: 
І орын Павлик Олжас, І Серікбай Айнұр, ІІ орын Тұрсынбек Әнел, ІІ Дарибекова Айзат !