«Нұр Отанға» 20 жыл: Нақты нәтиженің партиясына айналды

«Нұр Отанға» 20 жыл: Нақты нәтиженің партиясына айналды

Естеріңізде болса, 1998 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасында «Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсету қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы жұмысын бастады. Сайлауалды науқан кезінде штаб белсенді жұмыс істеді. Сондай-ақ, саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтастық орнатты. Аталған жұмыстар барысында белгілі мемлекет және саяси қайраткерлер - С.А.Терещенко, Г.И.Дунаев, Х.Ш.Тақуов белсенділігімен көзге түсті. Дәл осы кезеңде қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру идеясы туралы пікірлер айтыла бастады.

https://www.inform.kz/kz/nur-otanga-20-zhyl-nakty-natizhenin-partiyasyna-aynaldy_a3502132