Кемеңгер Елбасының дара жолы

Кемеңгер Елбасының дара жолы

Кемеңгер Елбасының дара жолы 
1.Ел тәуелсіздігі. Елбасы. Осы сөздер бір-бірімен етене жақын. Бойындағы асыл қасиеті, өмірлік тәжірибемен бекіген төзімшілдігі, сабырлығы, ұстамдылығы бүкіл халықты өзінің айналасына топтастыра алатын саясаткер және көшбасшы. 
2.Елбасы тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын түгендеп, іргесін кеңейтті. 
3.Қазақ елін бүкіл әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі, сан-қилы мемлекеттік қызметі мен стратегиялық шешімдерін, салиқалы саясатын тәуелсіздің шежіресі деп атасақ та болады. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосты. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Жалынды жас ұрпақ үшін игі жақсылықты істер жасалды. Елбасының кемеңгерлік жолында жастарымыз әр елде білім алып, тәжірибе алмасып, мемлекетіміздің қуанышына, игілігіне айналды. 
4.Астана – Елбасының қолынан шыққан туынды. Өйткені, Астана – жаңа Қазақстанның күш – қуаты, барлық қазақстандықтардың үміті мен болашаққа деген сенімінің символына айналды. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, құндылығын, мән-мағынасын, табыстары мен жетістіктерін әрбір ұрпақ сезіне алатындай, патриоттық сезімі оянатындай, Қазақ елі үшін мақтана алатындай сезімі мен әсері болу керек және бола да бермек. Өйткені, Елбасы салған қиын да табысты дара жол, беделі мен мәртебесі кепіл бола алады. Бұл үлкен еңбек, саясат, ерлік.