Алғыс айту мерекесі

Алғыс айту мерекесі

Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.​ Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
​ Әкеге айтам мың алғыс!
​ Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
​ Қолдаған, сүйген, жұбатқан.​ Ұстазға ұлы рахмет!
​ Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
​ Қуанған бірге мұңдасқан,-деп Алғыс айту күні барша халық тағзым етіп, бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. №15 мектеп-лицейінің «Парасат» аналар-әжелер мектебінің белсенді мүшелері мен «Қыз Жібек» қыздар клубының қыз балалары Алғыс айту мерекесіне арналған «Қымыздан қуат алған біртұтас ел» атты қалалық көрмеде «Ақ ұсыну» дәстүрін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді. Сонымен қатар қала жұртшылығына арналған мерекеміз қала өнерпаздары мен мектеп оқушыларының шығармашылық концертімен ұласты. Отанға, Елге, Туған жерге, Ата-анаға деген ықыласты көңіл лүпілі мен ізгі ниеттерін, шексіз ризашылықтарын ​ №15 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «НұрОтан» хорымен салтанатты түрде аяқтады.