«Жақсылық жасауға асығайық!»

 «Жақсылық жасауға асығайық!»

2019 жылдың 5-ші ақпаны күні Г.Б.Сапарова және И.Ж.Жуматовалардың ұйымдастыруымен 8Б, 9А сынып оқушылары арасында «Жақсылық жасауға асығайық!» қайырымдылық акциясына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар арасында тақырыптық сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас жүрді. Оқушылар берілген нұсқаулыққа сәйкес топтық жұмыс барысында жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндірді. Жақсы істер жасай білу іскерліктерін өз бастарынан өткен оқиғалармен жеткізе отырып, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға шақырды.