«Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

«Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

02.02.2019 күні МЖД «Тәрбиелі ұрпақ-тамырлы болашақ» V стратегиясының «Өнер және әлеуметтік жобалар» бағыты бойынша мектеп-лицейде 
7-сынып қыз балаларына «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты сырласу кеші өтті. 
Мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Сырласу сағаттын 7В сынып оқушысы Байдаулетова Сабринаның әжесі, «Ұлағатты» әжелер мектебінің мүшесі Абзалбекова Роза Абзалбекқызы 7-сынып қыз балаларына өткізді.
Аналарымыз ақылды, арлы, қажымайтын қамқор, ерінбейтін еңбекшіл, саналы, сабырлы, салиқалы болмаса, біз бүгінгі күнге жете алар ма едік?!.Сондықтан қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған абзал.