«Заттардың суда еруі» тақырыбында облыстық онлайн сабақ

«Заттардың суда еруі» тақырыбында облыстық онлайн сабақ

2019 жылдың 31-ші қаңтарында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де химия пәнінен мұғалімі Ахтанова Бакытгул Бекболатовна 8Ә сыныбында «Заттардың суда еруі» тақырыбында облыстық онлайн сабақ өткізді.Он лайн сабаққа 43 білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысып жоғары деңгейде кері байланыс берді. Сабақта ерітінділердің табиғитта және күнделікті өмірдегі маңызын түсіну және заттардың судағы ерігіштігін зерттеу мақсатына жетуде әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар жүргізілді. Қатты және сұйық заттардың ерігіштігіне жасалған лабораториялық тәжірибе оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда негізгі жұмыстар болды. Оқушылар зерттеген жұмыстарын талдап, өз ойларын еркін және ашық түрде білдірді. Bilimland.kz сайтынан, QR код бойынша видео көрсетіліп, тапсырмалар орындалды. «БББ» әдісі бойынша оқушылар рефлексия жасады.