Musical Instruments. Different types of musical instruments

Musical Instruments. Different types of musical instruments

 2019 жылдың 15ші қаңтар күні «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де қалалық деңгейде жоспарға сәйкес 3"Ә" сынып оқушыларымен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Ж.Жуматованың ұйымдастыруымен «Musical Instruments. Different types of musical instruments» тақырыбында қалалық on-line сабақ өткізілді. On-line сабаққа қаламыздың 11 білім беру ұйымы қатысып,қашықтықта әдіс алмасты.Білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес құрылған сабақта ынтымақтасқан орта қалыптасып, топтық, жұптық жұмыстар орын алды. Мұғалім жағымды оқыту ортасын құрып, оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысты. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған қалыптастырушы бағалау тиімді қолданылды. Он-лайн сабақ барысында қолданылған тиімді стратегиялар: “Pictures”, “Guess the instrument” , “Jumbled words”, Make a pictures”. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі болуы керек (8-тезис,36-бет). Сабақта критерий арқылы өзін-өзі және өзара бағаланды. Сынып оқушылары топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеп отырды. Сабақ қызықты да тиімді өтті.