Республикалық олимпиада

 Республикалық  олимпиада

4-5 қаңтар 2019 жылы Қарағанды қаласында Республикалық олимпиданың облыстық кезеңі өтті. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне мектеп-лицейден 9 оқушы қатысты. Олимпиада 14 жалпы білім беретін пәндерді қамтыды. 
Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер олимпиадасы облыстық "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатында, қоғамдық-гуманитария бағытындағы пәндер Қарағанды облыстық "Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтті. Облыстық олимпиадаға 800-ге жуық оқушы қатысты.
Облыстық кезеңге жаратылыстану – математика бағытындағы пәндер бойынша 6 оқушы : 
• математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Кенжетаева Аяулым, жетекшісі Усенбекова Сакып Усенбековна, 
• химия пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Кенжебекова Сымбат, жетекшісі Ахтанова Бакытгуль Бекболатовна, 
• биология пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Касенханова Нұрай, жетекшісі Бекенова Сандуғаш Салменовна, 
• 9 «В» сынып оқушысы Батарбекқызы Раушан, жетекшісі Бакытқызы Перузия, 
• физика пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Несипбаева Алуа, жетекшісі Меирбекова Алмагуль Сагатбековна, 
• информатика пәнінен 9 «В» сынып оқушысы Бейсекей Абир, жетекшісі Омаров Сәтжан Кәрібайұлы, 
қоғамдық – гуманитария бағытындағы пәндер бойынша 3 оқушы олимпиадада бағын сынады: 
• Қазақ тілі мен әдебиетінен 11 «А» сынып оқушысы Дарибекова Айзат, жетекшісі Елеубекова Алия Зиядақызы, 
• орыс тілі мен әдебиетінен 10 «А» сынып оқушысы Каукенова Карина, жетекшісі Кульбаева Ботагоз Танирбергеновна, 
• адам.қоғам.құқық пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ерғали Әсем, жетекшісі Дубирбекова Қарлығаш Шакаримовна
Мектеп-лицей қоржыны 2 күміс, 3 қола медальмен толықты. Облыстық кезеңде жүлделі 2 орынмен 11 сынып оқушылары
• физика пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Несипбаева Алуа
• химия пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Кенжебекова Сымбат 
жүлделі 3 орынмен 10-11 сынып оқушылары
• Қазақ тілі мен әдебиетінен 11 «А» сынып оқушысы Дарибекова Айзат, 
орыс тілі мен әдебиетінен 10 «А» сынып оқушысы Каукенова Карина,
• адам.қоғам.құқық пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ерғали Әсем марапатталды.

Жеңімпаз оқушыларды, пән мұғалімдерін және ата-аналарды құттықтаймыз!! Толағай табыстар тілейміз! Жеңіс тұғырының биігінен көріне беріңіздер!