«Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауы

«Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауы

2018 жылдың 19-20 желтоқсанында жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың педагогтері үшін «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» тақырыбында облыстық форумы өткізілді. Форумның бірінші күні, яғни 19 желтоқсан «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» форумы аясында «Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдары мұғалімдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу, меңгеру деңгейін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау. Байқау 
1. Визит карточкасы.
2. Панорамалық сабақ бойынша видеофрагмент.
3. TEDx Karagandy «Берілген тақырыпта ой қозғау».
4. Шығармашылық нөмір кезеңдерінен тұрды. 
Байқауға облыс бойынша жалпы орта білім беретін ұйымдардың және облыстық мамандандырылған мектептерден 14 мұғалім қатысты. Облыстық байқауға мектеп-лицейден физика пәні мұғалімі СУЛЕЙМЕНОВА СЫМБАТ САНСЫЗБАЕВНА қатысып «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды.