ТED x

ТED x

14.12.2018 күні оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.Г. Тен, И.Ж.Жуматованың ұйымдастыруымен 9В және 10А сынып ұжымдарының арасында ТED x өтті. Мектеп-лицей көшбасшылары «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алып «How to achive the most ambitious goals?», «How to become a millionare?», «How to speak so that people want to listen?», «Values should have a person in the 21st century?» тақырыптары бойынша өз идеяларымен 9 В сынып ұжымынан А.Нургалиева, А.Арсен. А.Амангельды, 10 сынып ұжымынан Каукенова К., Қасенханова Н,. Сұлтан Б,. Қасымбекова Д., өз ойларын ашық алаңға салды. «Жас өркен» баспасөз орталығынан келген қонақтар оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, жобаның тиімділігін айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар өз ойын ашық айтып, ағылшын тілінде еркін дәлелді сөйлей алды, пікірін дәйекті қорғай білді, басқа адамның ой-пікірін, көзқарасын сыйлап, тыңдап, басқа көзқарасқа құрмет қалыптасты.