«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»

«Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау»
2018 жылдың 10 желтоқсан күні бастауыш сынып мұғалімдері Толеуова М.М. мен Мырзанбек Б.Қ. ұйымдастыруымен оқу нәтижелерін бағалаудың айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін «Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға 9 мұғалім қатысты. Семинардың мақсаты: тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау туралы түсінік беру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру.Күтілетін нәтиже: модерациялау туралы білу және оқу үрдісінде қолдана алу. 
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білімалушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс екеніне және әрбір мұғалім үшін модерацияға қатысу тиімді болып келетініне қатысушылардың көзі жетті. Оқыту-семинарына қатысушыларға модерацияны жүргізу тәртібі, модерациялау үдерісін ұйымдастыру кезіндегі және кейіндегі мұғалімнің әрекеті туралы түсініктер «Миға шабуыл» ,«Сен маған, мен саған» стратегиялыры, «Рөлдегі капитан» ойыны арқылы әдістері арқылы жүзеге асып, практикалық жұмыс барысында «Постер» қорғау арқылы бекітілді.