XVI Алтын бала- 2018

 XVI Алтын бала- 2018

28-қараша күні "Тұңғыш Президент күніне" арналған XVI Алтын бала 2018 қалалық форумы өтті. Қалалық форумға әр түрлі деңгейдегі олимпиада жеңімпаздарын анықтайтын "Шынайы дарын" номинациясы бойынша 11 сынып оқушылары Кенжебекова Сымбат пен Даригулова Айзат, спортта жеткен жетістіктері бойынша үздікті анықтайтын "Алтын тұғыр " номиниациясына 10 "А" сынып оқушысы Алпысбаев Нұрәділ, "Жас көшбасшы" номинациясына 10 "Ә" сынып оқушысы Отарбаев Қуат, өнер саласы бойынша үздікті анықтайтын "Өресі биік өнер" номинациясы бойынша 11 А сынып оқушысы Қайратұлы Мәдисұлтан, жыл бойына жеткен жетістіктері бойынша үздікті анықтайтын "Жыл оқушысы " номинациясына 10 "Ә" сынып оқушысы Сағым Баян, "Алтын бала 2018" медаліне 10 "А" сынып оқушысы Ерғали Әсем ұсынылды. Осы форумда "Шынайы дарын" номинациясын 11А сынып оқушысы Кенжебекова Сымбат жеңіп алды. Ал форумның ең басты марапатын "Алтын бала 2018" медалін 10 "А" сынып оқушысы Ерғали Әсем алды. Форумға қатысқан барлық номинанттар "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің арнайы сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!! Жеңіс тұғырының биігінен көріне беріңіздер!