«Болашақ инженерлер» сайысы

«Болашақ инженерлер» сайысы

Біз ақпараттық коғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда.Осыған орай, осы бағытта 2018 жылдың қараша айының 16-ы күні мектеп-лицейдің 10 жылдығы аясында 3D «I LOVE 15» тақырыбындағы «Болашақ инженерлер» сайысы 8-9 сыныптар арасында өтті. Мақсаты – IT саласындағы технологияларын концептуализациялау үдерісін одан әрі интеграциялауда Creo Parametric 3D Modeling Software | PTC бағдарламасындағы іс-тәжірбиелерін көрсету. Қатысушылардың жұмысына баға беретін әділ – қазылар мүшесінде қалалық деңгейде «Болашақ инженерлер» жобасының көшбасшы маманы Кусайнова Айнур, мектеп-лицей директорының орынбасары Сулейменова Сымбат, информатика пәні мұғалімдері Серикбаева Жарқынай, Айтимбетова Эльмира болды. Мектеп-лицейішілік сайыста қатысушы оқушылар өз жұмыстарын үш тілде еркін қорғады. Сайыстың бірінші кезеңінде оқушыларға берілген тақырыптың соңғы екі детальін әділ-қазылар алдында аяқтап, берілген критерийлер бойынша қорғады. Сайыстың екінші кезеңінде еркін тақырыпта қатысушы оқушылар өздерінің «Future technology» тақырыбында жоба жұмыстарын көрсетті. Авторлық жұмыстарын қорғау барысында «Ерекеше тың идея, болашақта жүзеге асыратын жобалар» деп саналған үздік жұмыстар да болды, айта кетсек:
1. «Future machine» тақырыбында Бейсекей Абир. Ерекшелігі – жерде жер тартылыс күшінен, әуеде ауамен , суда судың тығыздығынан қуат алатын автокөлік. 
2. «Sound calculator» тақырыбында Оспанов Абдумалик. Ерекшелігі – батырмасыз калькулятор, шешімі жоқ есептерді дыбыс арқылы шешімін шешеді.
3. «Aifon11s» тақырыбында Темиров Мирас. Ерекшелігі – тоқ көзі 1 жылға жарамды, су астында 2 сағаттық сурет, бейнеролик түсіретін артықшылығы бар.
Cайыс соңында І орын Бейсекей Абир, ІІ орын Оспанов Абдумалик, ІІІ орын Арманжанкызы Жанель, Ермеков Аңсар, қатысқаны үшін Сейтов Аян, Аманжолов Уалихан, Темиров Мирасты алғыс хатпен марапаттады.
Қорыта келгенде табысты оқушылардың инженерлерлік дағдысын дамыту ғылыми – техникалық жаңашылдықтың басты көздерінің біріне айналуда. Өнім өндіретін де, ілгері ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника, технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты да, үсті де бай Қазақстан сияқты алып елге білімді инженерлер керек екені даусыз.