"Кемелденген қазақ әдебиетінің қаламгері"

25.10.18 ж №308 кабинетте  "Кемелденген қазақ әдебиетінің қаламгері" Тахауи Ахтановтың туғанына 95 жыл толуына орай  8Б сыныптар арасында  жазушының "Күй аңызы" әңгімесі бойынша  флешбук өтті.

Шарабарысында оқушылар Жанатова Ф., Төлеуғалы М., Өрікбай Н.,Тұрсын З., Әлібай М., Қанатбекова А.,Қуандық М.,Тұрсынбек А.әңгімені жан-жақты талқылап, композициялық  талдау жасап, жасырылған сөздер бойынша кейіпкерлер портретін құрастырды.

       Қазақтың аспаптық музыкасы -күй өнерінің түрлері мен мазмұны жағынан пікір айтылды.  "Күй аңызы", "Нар идірген" бейнероликтер көрсетілді. Күйші Талап Хамзиннің " Нар идірген " күйі тыңдалды.