«Бала деп соққан жүрегі»

«Бала деп соққан  жүрегі»

  29.10.18 ж "Бабалар" залында   Қазақстанның халық жазушысы, балалардың сүйікті ақыны,аудармашы, қоғам қайраткері көп қырлы талант иесі-Мұзафар Әлімбаевтың туғанына  95 жыл толуына орай «Бала деп соққан  жүрегі» атты 4 сыныптар арасында  әдеби вернисаж   өтті, 4Ә сынып оқушыларынан құралған "Өркен" үгіт-насихат тобы шараның алғашқы бөлімін ашып,  "Мен-баласы даланың" виртуальды кітап көрмесі көрсетілді. Әдеби вернисажға жергілікті ақын сазгер "Пульс" газетінің тілшісі Саденов Қуандық Мақсұтұлы,  №5 мектептің кітапхана меңгерушісі Махашова Көптілеу Шойынбаевна, мектеп-лицейдің оқу үздігі, көшбасшы 10А сынып оқушысы Отарбаев Қуат төрелік етті.Нәтижесінде 3-кезең бойынша әділқазылар шешімімен 4Ә сыныбы "Өркен" тобы,4 Б  сыныбы " Жұлдыз " тобы  3-орын, 4 В сыныбы"Ұлан" тобы 2-орын, 4Г сыныбы "Балдырған" тобы 1-орын, 4А сыныбы "Зерде"  тобы бас жүлдені алды.Ақынның өлеңдеріне жазылған "Маралдым","Ақмаңдайлым" әндері тыңдалды.