"Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол"

18.10.18 ж "Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол"  тақырыбында  кітапханада ақпараттық сағат өтті. Оған жоғарғы сынып оқушылары жәнеақын-сазгер Қ.М.Саденов қатысты. Бұл күн елімізде ерекше аталып өтіледі. Әртүрлі  ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Еліміз бүгінгі күннің биігіне осындай берекелі бірліктің арқасында жеткендігі жайлы әңгіме өрбітіп, оқушылар ойларын ортаға салды,  өйткені кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экомикалық дамуы сол елдегі халықтардың өзара татулығының арқасында екені баршаға белгілі. Елбасы еңбектеріндегі  ел тағдыры және әлем елдерімен татулық қарым-қатынастары жайлы қойылған  кітаптарымен танысты.