«Қызмет ету – қуанышы»

«Қызмет ету – қуанышы»

Оқушылардың өзін-өзі тануға танымдық қызығушылықтарын дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін қарқындату, адамгершілік-рухани құндылықтарға бейімдеу мақсатында 2018 жылдың 17-ші қазанында Қарағанды облысының Білім басқармасының «Сарыарқа Дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Қатысушылар «Қызмет ету – қуанышы» тақырыбында презентация қорғады. Облыстық іріктеу кезеңінде Қарағанды облысының қала, аудан, ауылдарынан 18 команда қатысты. Балқаш қаласынан «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің командасы қатысты. Мектеп-лицейіміздің «Өзін-өзі тану» пән мұғалі Акшалова А.Т., 9 «А» сынып оқушысы Павлик О., 8 «Ә» сынып оқушысы Қожахметова А., 7 «Г» сынып оқушысы Несипбайева Н. Олимпиада қорытындысы бойынша сертификатпен, жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.