«Мерейі үстем ұстазым!»

«Мерейі үстем ұстазым!»

Өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары «Мерейі үстем ұстазым!» атты ардагер ұстаздармен кездесу өткізді. Кездесуге ардагер ұстаздарымыз: Сыздықова Ш.Р., Жунус Н.Г., Дакимова Н.Д., Аскаров М.Ч.,Джакупова З.А. және мектеп-лицейіміздің тәжірибелі ұстаздары: Султанова Б.Б., Мейрбекова А.С., Ахтанова Б.Б., Сатбек С.К. өздерінің ұстаздық еңбек жолдары туралы естелік әңгімелерін айтты. Ұлағатты ұстаз¬дардың ұлықты еңбегi жастар үшiн әрдайым үлгi бола бермек. Кездесу кешіне қатынасқан қонақтарға мектеп-лицей ұжымының атынан гүл шоқтары табыс етіліп, естелік суретке түсті.Кездесуіміздің жалғасы ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын мен «Ұстаздарға мың алғыс!» шығармашылық концертпен ұласты. Концертке мектепалды даярлық сыныбындағы бүлдіршіндерден бастап еңбек жолдарын мұғалімдіктен бастаған жас маманға дейін ұстаздарымызға арнап әуезді жылы лебіздерін білдірді.«Мерейі үстем ұстазым!» атты жоспар аясында өткізілген іс-шаралардан үзінді бейне-суреттер.