1 -қазан халықаралық қарттар күні!

1 -қазан  халықаралық қарттар күні!

      Бала ата-анасына қамқорлық жасап, құрмет көрсетсе, қариялар отбасының құтын қондырып, береке-бірлігін артырары сөзсіз.«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмағандығын айқындайтын,саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерін мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан  ата-әжелеріміздің  төл мерекесі -  1 қазан  халықаралық қарттар күні мектеп – лицейде  аталып өтті. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері саптық жиында қарттарды құрметтеуге шақырса,8 сынып оқушылары қабырға газетінен сайыс ұйымдастырды. «Көшбасшылар» мектебі әже –аталарға арнап құттықтау ашық хаттар жолдады. Зейнеткер,еңбек ардагерлерінмерекесімен  құттықтап барған 5-6 сынып оқушылары,қариялардың  қызықты әңгімелерін тыңдап, баталарын алды.  Оқушылар қарияларға  деген ыстық ілтипаттың  ғасырдан-ғасырға жалғаса беретінін дәлеледеді.