"Жібек жолы бойындағы сұхбат - 2018"

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында "Жібек жолы бойындағы сұхбат - 2018" жобасы аясында мəдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет жəне қоғам қайраткері Мұрат Əуезов бастаған бірнеше жоба өкілдерімен Конференция болып өтті. Конференция барысында қаламыздың шығармашыл жастары Ұлы Жібек жолы жобасының дəстүрлерін жалғастыруға байланысты өз ойларын ортаға салып, жалпымəдени құндылықтарды, этноаралық, конфессияаралық толеранттықты қалыптастыруы талқыланды. Кездесу соңы қаламыздың өнерпаз жастарының шығармашылық концертімен аяқталды.