«Тілім-өлшеусіз қазына, өресі кең әлем»

«Тілім-өлшеусіз қазына, өресі кең әлем»

10-қыркүйек 2018 жыл, Қазақстан Республикасы Тілдер күнін атап өтуге арналған «Тілім-өлшеусіз қазына, өресі кең әлем» атты онкүндік аясында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ұжымда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында 7-сыныптар арасында «Сөз мерген» зияткерлік танымдық ойын өтті. Екі топ арасында болған ойында оқушылар белсене қатысып, нәтижесінде «Бірлік» тобы өздерінің білгірлігімен мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін айтып, мағынасын талдап,тілге деген құштарлығын көрсете білді.