«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Қыркүйек айының 6-жұлдызында «Тілдер мерекесіне» орай «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ-де 7-8 сыныптар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар тіл мәселесіне байланысты баяндамаларын дайындап, талқылау жұмыстарын жүргізіп, өз ойларын білдірді. Дөңгелек үстелде қазіргі мектеп оқушыларының ана тілін қаншалықты білетіні, сонымен қатар басқа қандай тілдерді меңгергендігі жайлы айтылды. Қазіргі жастардың өзге мемлекеттерге еліктеу мәселесі туралы да сөз қозғалды. Іс-шара соңында оқушылар бейнеролик тамашалап, тіл меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында сауалнама толтырды.